Выйти
RU

Ақтауда газ баллон жарылып, ер адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтауда ер адам газ баллонының жарылуынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақтауда газ баллон жарылып, ер адам көз жұмды

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқиға 28 шілде күні сағат 13:00 шамасында болған. Жедел жәрдем бекетіне "Хазар" гараж кооперативінде адамның ес-түссіз жатқаны туралы қоңырау келіп түсті.

"Газ баллонының жарылуынан екі ер адам жарақат алды. Олардың бірі 1983 жылы туған. Оның екі иығын білегін, екі аяғын, іші мен бетін термиялық күйік шалған. Денесінің 45 пайызы зардап шекті. Екінші адам, 1985 жылы туған, ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды" , - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында көпбалалы ана өрттің салдарынан үйсіз қалды. Ол ғажайыптың күшімен аман қалған. Оны көршісі құтқарып үлгеріпті. Абырой болғанда, сол түні үйде балалары болмаған.

Тағы да оқыңыздар

Қапшағайда полицейлер көпірден секірген бойжеткенді құтқарып қалды

Олар үйдің шатырын жөндейтіндерін айтқан. Құрылыс материалдары сатып алынып, жөндеу жұмыстарына еріктілер тартылады. Алайда әкімдік отбасына толық өтемақы төлей алмайтынын айтты. Алдымен олар өрт сөндірушілердің қорытындысын алу керек.

Айта кету керек, осыған ұқсас жағдай Алматы облысында орын алған еді. Онда жеті балалы Шенгелбаевтар отбасының жалдап отырған пәтерлері өртке оранған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда газ баллон жарылып, ер адам көз жұмды