Выйти
RU

Қостанай облысында дәріні қымбатқа сатқандар анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттатқандар анықталды. Енді бұл дәріхана иелері ірі көлемде айыппұл төлейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қостанай облысында дәріні қымбатқа сатқандар анықталды

Көрнекі фото: Хабар 24: UGC

Мамандар соңғы үш апта бойы аймақтағы дәріханаларды тексеріп жүр. Соның нәтижесінде кей дәріханалардың вирусқа қарсы және аурудың алдын алуға қажетті препараттардың бағасын тым көтеріп сатқандығын анықтаған.

Мұндай жағдайлар Қостанай, Рудный және Арқалық қалаларында көп тіркелді. Бірақ аудандық дәріханаларда да келеңсіздіктер аз емес. 

"28 шілдеге дейінгі аралықта департаментке әлеуметтік құқық бұзушылыққа қатысты өндіріске 24 материал келіп түсті. Екі материалға қатысты жеке тұлғаларға 35 мың тенге айыппұл салынды. Қалған 22 материал бойынша «кінәлі» деп танылғандар 4 миллион теңгеге жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлайды облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Ержанова.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясы жағдайында жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қоршаған ортаның ластану деңгейіне кері әсерін тигізуде. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының баяндамасында айтылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанай облысында дәріні қымбатқа сатқандар анықталды