Выйти
RU

Маңғыстауға Дағыстаннан гуманитарлық көмек келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Маңғыстауға Ресей Федерациясы Дағыстан Республикасынан гуманитарлық көмек келіп жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Маңғыстауға Дағыстаннан гуманитарлық көмек келді

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл көмекті қала, аудан және тиісті мекемелердің қажеттіліктеріне қарай бөліп беру мақсатында "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы қабылдап алды.

Дағыстан Республикасынан келген көмекте медициналық бетперде (100 000 дана), қорғаныс киімі (13 000 дана) және антисептик құралдары (2000 дана) бар.

Бүгін "Nur Otan" партиясының бақылауымен облыс әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссиясы келген гуманитарлық көмекті Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментіне, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына, 6656 ҰҰ Әскери бөлімге және қала, аудандарға бөліп жіберу жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, 3 тамыздан бастап елімізде 5 шілдеде жарияланған қатаң карантин қайта жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы күні кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің онлайн отырысы кезінде мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтанда бірнеше көше екі аптаға жартылай жабылады

Егер карантин жеңілдетілсе, онда:

Уақыты мен күндер бойынша шектеулермен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түліктік емес базарлардың;

Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелердің;

Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелерінің;

Сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, алдын ала жазылу бойынша маникюр және педикюр салондарының қызметіне рұқсат берілмек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстауға Дағыстаннан гуманитарлық көмек келді