Выйти
RU

"35-40 мыңның қойлары талапқа сай емес": Бас имам қой бағасына қатысты сөзіне жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтің "35-40 мың теңгенің қойлары шариғат талабына сай келмейді" деген сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Осыған орай, дін қызметкері ел тұрғындарының сынына пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: muftyat.kz

Фото: muftyat.kz: Instagram

"Әлеуметтік желіде Қазыбек Иса мырзаның Сіздің "Құрбандыққа бір жасар қой ғана жарайды деген талап орынды ма?!" деген жазбаңыздан соң әлеуметтік желі алдында ашық түрде жауап қайтаруды жөн санап отырмын. Себебі, бүгінгі жазбаңыз онсыз да "карантин режимі кезінде құрбан шалу қалай болады екен" деп алаңдап отырған жұртты әрі-сәрі күй кештірейін деп тұрғандай.

Сайтыңызда жарияланған Көсемәлі Сәттібайұлының жазбасында көрсетілгендей, мен бүгінгі брифинг барысында: "Бұл жерде қойдың жасына назар аудару керек. 6 айға жетпеген, арықтау тоқтылардың өзін 35-40 мыңға алуларыңыз мүмкін. Бірақ қой мен ешкі 1 жасар болуы керек", – деп атап айттым. Бұл мен ойдан шығарған меже емес, қой түлігіне қойылатын шариғат талабы осы. Сондай-ақ, дәл қазіргі Елорда базарларындағы мал бағасы да осы болып тұр", - деп сөзін бастады бас имам.

Тағы да оқыңыздар

"50 мың теңге": Елорданың бас имамы қойдың бағасына қатысты пікір білдірді

Оның айтуынша, жыл бойы бір бағаны ұстап келіп, Құрбан айт қарсаңында күрт қымбаттатып жіберетін саудагерлер үшін де имам-молдаларды жазғыра берудің еш жөні жоқ.

"Қайта сол ҚМДБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жыл сайын жер-жерде қайырымдылық акциялары өткізіліп, қаншама халық қасиетті Құрбан айт шарапатын сезініп келеді. Айтқан ауызға оңай, бірақ сол жаңағы мыңдаған малды құрбан шалуды ұйымдастыру бар, оны мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізу бар, оның сыртында қаншама қыруар шаруасы (құрбандық малын іздестіру, сою жұмыстары, арнайы орындармен келісу, қасапшылар даярлау т.б.) тағы бар.

Осы орайда, Елорда өкілдігі бойынша бекітілген 50 мың теңге – қала базарларындағы шариғат талаптарына сай келетін қой бағасы болып тұр. Бұл тұста тағы да түсіндіре кететін жайт, мал базарларда бүгінгі таңда сіз айтқан 35-40 мың теңгеге, әрине, тоқты сатып ала аласыз.

Тағы да оқыңыздар

Ләйлә Сұлтанқызының туған ағасы өмірден өтті (фото)

Алайда, ол тоқтыңыз арықтау боларына әрі бір жасар қойдай ет бермесіне мен кепіл. "Ал Ислам.кз сайтында" деп көрсеткен Көсемәлі Сәттібайұлының өзі мақаласында: "6-7 айлық кепе қозылар семіз, етті, бір жасар малдың етін беретін болса, Құрбанға шалуға болады" деп келтіреді. Сондағы айтпағымыз – 35-40 мыңға дәл қазір Елорда базарларынан "семіз, етті, бір жасар малдың етін беретіндей"алты айлық тоқты табуымыз екіталай", - деді Ерболат Жүсіпов.

Сондай-ақ, Құрбан айт кезінде құрбандыққа жарамайтын шағын тоқтылардың да қымбат болатынын айтты.

"Брифинг барысында айтқан: "6 айға жетпеген, арықтау тоқтылардың" деген сөзіміз осыны қуаттай түспей ме?! Сол тоқтының "өзін 35-40 мыңға алуларыңыз мүмкін" дегеніміз де базардағы бағаны көріп-білгеннен кейінгі ойымыз.

Тағы да оқыңыздар

"Жағдайы нашарлап қалды": 42500 алғысы келген танымал жұлдыздар кімдер

Дегенмен, дәл осы 35-40 мың теңгеге, тіпті ретін келістіріп 20 мың теңгеге шариғат талабына сай келетін құрбандық малын тауып жатсақ, оған ешқандай қарсылық жоқ. Алла Тағала баршамыздың құрбандықтарымызды қабыл еткей!" - деді дін қызметкері.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл құрбандық шалудың уақыты мен тәртібін түсіндірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"35-40 мыңның қойлары талапқа сай емес": Бас имам қой бағасына қатысты сөзіне жауап берді