RU

Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Telegram logo VKontakte logo

Қытайда коронавирустың жаңа түрімен күрес күшейтілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, аспан асты елінде COVID-19-дың басқа түрін бір тәулікте 68 адам жұқтырған. Олардың төртеуі – шетел азаматтары, ал алпыс төрті – жергілікті тұрғындар.

Инфекция Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 57, Ляонин провинциясында 6, Бейжің қаласында бір адамнан анықталғаны белгілі болды. Осы орайда жұқпалы дертті дер кезінде тоқтату мақсатында екі қаланың миллиондаған тұрғыны COVID-19-ға тест тапсырып жатыр. Алайда вирус соның өзінде бес аймаққа тарап үлгерген.

Соңғы деректер бойынша, әлемде коронавирусқа шалдыққандар 16 миллионнан асып кетті. Оның 10 миллионға жуығы жазылып шықса, 654 мыңы көз жұмған.

Ал елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1544 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 86 192-ге жетіп отыр.

Тағы да оқыңыздар

Қытай мен Жапонияда коронавирус жұқтырудың жаңа деректері тіркелді

Дереккөз: КТК телеарнасы

Естеріңізге сала кетейік, жақында Оңтүстік Корея, Америка Құрама штаттары, Ұлыбритания және Германия ғалымдары коронавирус індеті тағы неше уақытқа жалғасатынына болжам жасады.

Ал Қазақстанда 3 тамыздан бастап карантин шаралары жеңілдеуі мүмкін.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр