Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, ағайынды үш бала қайтыс болды (фото)

Опубликовано:

Бүгін Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында жеке тұрғын үй өртке оранды. Соның салдарынан үш бала қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД: UGC

Тілсіз жау бүгін таңғы сағат 05:19-да аумағы жүз шаршы метрді құрайтын тұрғын үйде басталған. Онда 7 адамнан тұратын көпбалалы отбасының өмір сүргені белгілі болды.

Олар 1979 және 1981 жылғы ата – ана және 2004, 2005, 2007, 2008, 2012 жылдары туған төрт ұлы мен қызы.

Ведомство таратақан ақпаратқа сәйкес, оқиға орны мен мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің арасы 25 шақырымды құрайды. Құтқарушылар келгенге дейін ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы қызыл жалынға орынған баспанадан шыққан.

Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД: UGC

Өрт салдарынан үйдің төбе жабыны құлады. Сағат 06:40-та өрттің беті қайтып, сағат 08:25-те сөндірілген.

"Өкінішке қарай,  15,  13 және 12 жастағы балаларды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Өрт сөндірушілер олардың тек мүрделерін алып шықты," - деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД: UGC

Өртті сөндіруге барлығы 12 жеке құрам сарбаздары мен 2 өрт сөндіру техникасы, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының 3 техникасы және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылған. Қазір оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақмола облысында көпбалалы ана өрт салдарынан үйсіз қалғанын хабарлаған едік. Ол ғажайыптың күшімен аман қалған. Оны көршісі құтқарып үлгеріпті. Абырой болғанда, сол түні үйде балалары болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1867235-atbasar-audanynda-trgyn-j-rtenip-agajyndy-s-bala-kajtys-boldy-foto/

pixel