RU

COVID-19 жұқтырған қазақстандықтарға тегін дәрілер қашан және қайда беріледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырып алған қазақстандықтарға тегін түрде берілетін дәрі-дәрмектерді анықтап алды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ДСМ ресми telegram-арнасы Coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.: UGC

Коронавирус инфекциясының емі мен диагностикасы үшін осымен дәрі-дәрмектің бес түрі енгізілді. Бұл препараттар амбулаторлық науқастарға арналған. Олардың қатарында "Парацетамол", "Ибупрофен", "Дабигатран", "Апиксабан" мен "Ривароксабан" бар.

Бюрабекованың мәлімдеуінше, аталмыш дәрі-дәрмектер COVID-19 инфекциясының өту қарқынын жеңілдетіп, оның ушығып кетпеуіне көмектеседі.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігі "СК-Фармация" компаниясымен біріге отырып, дәрілерді сатып алып жатыр. Қос мекеме алдағы уақытта тез арада препараттарды мемлекет өңірлеріне жібермек. Вице-министрдің айтуынша, облыстарға аталмыш дәрі-дәрмектер он күннен кейін жеткізіледі.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда карантин тағы екі аптаға ұзартылды

Коронавирус жұқтырып алған қазақстандықтар дәрілерді емдеуші дәрігердің ұсынатын дәріқағазы бойынша емханадан ала алады. Егер медицина қызметкерлері түрлі себептермен аталмыш препараттарды беруден бас тартып жатса, қазақстандықтар бірыңғай дистрибьютордың жедел желісіне хабарласып, шағым түсіре алады.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19 жұқтырған қазақстандықтарға тегін дәрілер қашан және қайда беріледі