Выйти
RU

"Дұрыс емес": Бейбіт Кушкалиев Құрбан айттың алдында мал бағасын көтеретіндерді сынға алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әнші Бейбіт Кушкалиев Құрбан айттың алдында мал бағасын көтеріп жіберетін саудагерлерді сынға алды. Өнер иесі бұндай жолмен тапқан табыс берекесіз болатынын айтып, керісінше саудагерлерді жеңілдік жасауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Бейбіт Кушкалиевтің жеке парақшасы

Фото: Бейбіт Кушкалиевтің жеке парақшасы: Instagram

Бейбіт Кушкалиев видео үндеуін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Ассалаумағалейкум құрметті ағайын. Құрбан айт та жақындап қалды. Бәріміз дайындалып жатырмыз. Бір нәрсе айтайын деп едім. Құрбандық жақындағада малды қымбаттатып сату - дұрыс емес.
Себебі, біріншіден халықтың жағдайы өте қиын. Екіншіден тапқан малыңда береке болмайды. Үшіншіден, ешкім байып кетпейді. Сол үшін түсінікпен қарау керек. Керісінше, адамдар Алланың парызын орындасын деген ниетпен жеңілдік жасалу керек", - деді Бейбіт Кушкалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылордада сатушылар қой бағасын үш есеге қымбаттатып жібергенін жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар

"35-40 мыңның қойлары талапқа сай емес": Бас имам қой бағасына қатысты сөзіне жауап берді

"КазахЗерно.kz" ақпарынша, жергілікті базарларда салмағы 20 келі малдың бағасы 50 мың теңгеден асады. Ал семіз қойлардың бағасы одан жоғары. Нақтырақ айтқанда, олардың құны шамамен 70 мың теңгеден басталады.

Қызылордалықтардың айтуынша, базардағылардың басым бөлігі алып-сатарлар. Олар құрбандыққа шалынатын малдан пайда көрмек. Қала тұрғындарының сөзінше, бұл жағдай жергілікті базарларда жылдан жылға қайталанып келеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Дұрыс емес": Бейбіт Кушкалиев Құрбан айттың алдында мал бағасын көтеретіндерді сынға алды