Выйти
RU

"Орындар босап жатыр": Қазақстандық медбикелер қуаныштан билей жөнелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздегі медициналық мекемелердің бірінде екі күн бойы "коронавирус" диагнозымен пациенттер түспеген. Медбикелер ауруханада төсек-орындардың босап жатқанына қатты қуанғаны соншалық, тіпті, билей жөнелген. Медицина қызметкерлерінің көңілді видеосы желіде лезде тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.

Фото: видеодан кадр.: UGC

Билеп жатқан екі медбикенің бейнежазбасы барлық әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда.

Медицина қызметкерлері ауруханада орындар босай бастағанына және екі күн бойы коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа науқастардың түспегеніне осылай қуанған. Олар қосылып тұрған музыка ырғанына сай билеген.

Медбикелердің қуанышына желі қолданушылары да ортақтасты. Олар мына қиын заманда қауіпті індетпен арпалысып жатқан ақ халаттыларға жылы лебіздерін білдірген.

"Алла ауруды аулақ қылып. Осылай медбикелер билей берсін. Жақсы болған екен" , - деп жазды көңілді медбикелердің видеосын өз парақшасында бөліскен Мақсат Қуаныш есімді желі қолданушысы.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда карантин тағы екі аптаға ұзартылды

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысына есеп берген премьер-министр Асқар Мамин 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады.

Сонымен қатар оның айтуынша, стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған. Жазылып шыққандар саны 63 пайызға дейін өскен.

Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Орындар босап жатыр": Қазақстандық медбикелер қуаныштан билей жөнелді