Выйти
RU

БҰҰ Сovid-19-ға қатысты мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

БҰҰ тағы бір мәлімдеме жасады. Ұйымның хабарлауынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың 90%-ға жуығы қала тұрғындары деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ББҰ Сovid-19-ға қатысты мәлімдеме жасады

Антониу Гутерриш. Фото: sm-news.ru: UGC

Бұл жайт қалалардың құрылымына өзгеріс енгізу керек екенін айқындап берген.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің айтуынша, әлемдік ЖІӨ-нің 80% мегаполистер қамтамасыз ететіндіктен, эпидемия салдарынан шаһарлардың экономикасы орасан шығынға батқан.

Ал әлеуметтік теңсіздікті азайту, жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту және тұрақты дамуды қолдау сияқты шаралар дағдарыс тұзағынан шығып, оны еңсеруге мүмкіндік береді дейді ол.

"Алдымен әлеуметтік жағдайы әлжуаз топтағыларға көңіл бөлу керек. Оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешуге тиіспіз. Сумен қамту мәселесін және санитарлық ережелердің орындалуын да назарда ұстау қажет. Қала қалпы мен құрылымын өзгертетін уақыт жетті. Алдағы уақытта осындай жағдайларға әзір болу керек", - деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Тағы да оқыңыздар

Министр: Қауіпсіздік әдеттері де "жұқпалы" болуы тиіс

Естеріңізге сала кетейік, Біріккен ұлттар ұйымының 100 мың бітімгері әлем бойынша 13 операцияға қатысуда. Солардың ішінде 96 қызметкер коронавирус жұқтырған.

Бұл туралы ұйымның бейбітшілікті қолдау бойынша операциялар департаментінің коммуникациялар бөлімі басшысы Ник Бернбэк мәлім етті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҰҰ Сovid-19-ға қатысты мәлімдеме жасады