Выйти
RU

Жаңа Зеландияда көзілдірікке ұқсас маска шығарылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ғалымдар мен өнертапқыштар көзілдірік тәріздес маска ойлап тапты деп жазады KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа Зеландияда көзілдірікке ұқсас маска шығарылды

Фото: The Business Journals: UGC

Бетке арналған AO Air деп аталатын қорғаныш маскасын Atmos компаниясы жасаған.

Компания Blackbird Ventures, Oregon Sports Angels сынды еншілес қордан және Жаңа Зеландия үкіметінен 1,8 миллион доллардан астам қаражат алған.

Маска ауаның ластануына байланысты жасалған және алғаш рет 2020 жылы қаңтарда санаулы ғана шығарылған.

Кейінірек, Atmos вирусқа қарсы масканы жасау үшін мемлекеттік грант алды. Өнертапқыштардың пікірінше, AO Air N95 респираторына қарағанда 25 есе тиімді қорғайды. Atmos үшін сүзу технологиясын Окленд технология университеті жасаған.

Масканың құны 350 доллар тұрады. Құрастырушылардың ойынша, ол N95 маскасын алмастыруы керек.

Тағы да оқыңыздар

БҰҰ Сovid-19-ға қатысты мәлімдеме жасады

AO Air екі қабаттан тұратын сүзгі жүйесімен жабдықталған: Бірінші сүзгі үлкен бөлшектерден, нанофильтр - тозаңнан, шаңнан және басқа да ұсақ бөлшектерден қорғайды. Ондағы желдеткіш таза ауамен қамтамасыз етеді.

Atmos компанисының мәліметінше, спортпен айналысқан кезде де аталған масканы тағып жүруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҰҰ маска мен қолғаптың қоршаған ортаға зияны жайлы айтқан еді.

Ұйымның мәліметінше, пандемия кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қоршаған ортаның ластануына әсер етуде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жаңа Зеландияда көзілдірікке ұқсас маска шығарылды (фото)