Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласының әкімі екі орынбасарын қызметінен босатты

Опубликовано:

Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметтерінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкент қаласының әкімі екі орынбасарын қызметінен босатты
Садыр Ербол Әбілхайырұлы. Фото: yujanka.kz: UGC

Ақпарат әкімдіктің Instagram-дағы парақшасында пайда болды.

"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ербол Садыр да Алмасбек Мамытбеков те осы жылдың ақпан айынан бастап Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Шымкент қаласының әкімі екі орынбасарын қызметінен босатты
Алмасбек Мамытбеков. Фото: otyrar.kz: UGC

Сонымен қатар бүгін Мұрат Әйтенов мемлекет басшысына Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

Шаһар басшысының айтуынша, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Осы айдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандар екі есеге төмендеген.

Сонымен қатар, жедел жәрдем шақыру 43 пайызға азайып, стационарларда ем алушылардың саны 56,9 пайызға төмендеп отыр.

Қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталған. Бүгінде шет мемлекеттен 2 млн 676 мың флакон дәрі мен 16 млн 700 мың маска жеткізілген. Сондай-ақ, қосымша 58 жасанды желдету, 250 "Бобров" тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынған.

Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы өкпенді жасанды желдету аппараттарымен қамтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1867314-symkent-kalasyny-kimi-eki-orynbasaryn-kyzmettinen-bosatty/

pixel