Выйти
RU

Алматы имамы: Құрбандыққа шалынған малдың етін алу үшін мешітке келудің қажеті жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы Бостандық ауданы "Байкен" мешітінің бас имамы оңтүстік астанада Құрбан айт күндері құрбандыққа шалынған малдың етін алу үшін мешітке келудің қажеті жоқ екенін айтады. Оның сөзінше, мұқтаж жандарға жеткізіп беру ұйымдастырылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы имамы: Құрбандыққа шалынған малдың етін алу үшін мешітке келудің қажеті жоқ

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Данияр Жұмабаев биыл мешіттердің жанында құрбандық шалынбайтынын атап өтті. Оның сөзінше, мал еті мұқтаж жандардың үйіне арнайы штаб арқылы жеткізіледі.

"Биылғы жылы Құрбан айт дәстүрлі мерекесінің аясында карантиндік шектеу шараларына байланысты мешіттер жанында құрбандық шалынбайды және оның еті таратылмайды. Құрбандыққа шалынған етті алуға өтініш білдіргендерге мешітке келудің қажеті жоқ. Құрбандық еті арнайы құрылған штаб арқылы мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіледі", - дейді "Байкен" мешітінің бас имамы.

Тағы да оқыңыздар

ШҚО колонияларында педофилге қалай кастрация жасалады

Жұмабаев карантин талаптарын сақтау үшін Алматы қаласының мешіттерінде мерекелік Айт намазы оқылмайтынын да алға тартты.

Құрбандық шалуға өтініш беру және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға қалдырған өтініштерін алу Qurban2020.kz сайты арқылы 24 шілдеден 30 шілде аралығында жүргізіледі.

Осы уақытқа дейін 1305 адам ет алуға өтініш білдірген. 2 және 3 тамыз күндері құрбандыққа шалынған ет таратылады.

Қосымша ақпаратты 8 (700) 719 76 22, 8 (727) 397 63 90 байланыс телефондары арқылы білуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл құрбандық шалудың уақыты мен тәртібін түсіндірген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы имамы: Құрбандыққа шалынған малдың етін алу үшін мешітке келудің қажеті жоқ