Выйти
RU

Алматыда өкпесі жүз пайыз зақымданған науқас жазылып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлері өкпесі 100% зақымданған науқасты аяғына тұрғызды. Берік Жүнісов 22 маусым күні ауырып қалған, бірақ бұны ЖРВИ деп санап, үйінде өздігімен емделген. Алайда ауруы басылмаған соң 1 шілдеде емханаға баруға мәжбүр болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қаланың ДСБ-на сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Клиникада Беріктен екі жақты полисегментарлық пневмония анықталған.

Сол күні ол емхана дәрігерінің ұсынысы бойынша жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған.

Ол жерде науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясы жасалған. КТ өкпе тінінің 100% зақымдалғанын көрсеткен.

Үш күн бойы дәрігерлер жансақтау бөлімінде Беріктің өмірі үшін күрескен.

"Менің аллергиям бар, сондықтан дәрі-дәрмектің бәрі бірдей жаға бермейді. Бірақ дәрігерлер амалын тауып, жоғары температураны түсіріп, жансақтау бөлімінде жатқан үш күн ішінде мені аяғыма тұрғызды. Сосын мен бөлімде тағы жеті күн емделдім.

Тағы да оқыңыздар

Көп адам өкпесінің қабынғанын неге кеш біледі: Отандық дәрігер түсініктеме берді

Менің емдеуші дәрігерім Гүлмира Орыноваға және реаниматолог Тимур Райымжановқа, медбике Гүлназға және басқаларға да алғысымды білдіргім келеді. Оларға көп рақмет, мені аман алып қалды.

Мен олардың көз жастарын, қалай қиналғандарын көрдім, олар нағыз батырлар. Тезірек пандемияның аяқталғанын тілеймін", - деді ол.

10 күн стационарда жатқаннан кейін Берік Жүнісов үйіне оралған. Қазір ол амбулаториялық дәрігерлердің бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжейдің пневмониядан құлан-таза айыққанын, Алматыда өкпесінің 96 пайызы қабынған 56 жастағы әйел адамның жазылып шыққанын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда өкпесі жүз пайыз зақымданған науқас жазылып шықты