Выйти
RU

Томирис Байсафаның өлімі: Дағыстанның экс-премьерінің ұлы ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық Томирис Байсафаның ісі бойынша ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс: Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы қамауға алынды

Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna: UGC

112 Telegram-арнасының хабарлауынша, Муртузали Меджидов кеше таңертең ұсталған.

Ресейдің тергеу комитеті 105-бап бойынша ("Кісі өлтіру") қылмыстық іс қозғаған. Муртузали Меджидовке қатысты бұлтартпау шарасы жақында қабылданады.

РЕН ТВ хабарлауынша, жігіт бір күн бұрын Мәскеудегі Фрунзенск жағалауында тұтқындалған. Тергеудің нұсқасы бойынша ол қазақстандық қызды ұрып, терезеден итеріп жіберген.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 3 мамырында Мәскеуде университет ғимаратынан құлаған қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болды.

Ресей тарапы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғада.

Сонымен қатар, тергеу органдары марқұмның өзіне қол салуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырған. Алайда Томирис Байсафаның анасы өмірге құштар қызының өзін өлтіруі мүмкін емес екенін айтқан болатын.

Тағы да оқыңыздар

Томирис Байсафаның өлімі: Дағыстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды

Сондай-ақ, қазақстандық арудың өліміне қатысты істе Дағыстанның бұрынғы премьерінің ұлының есімі де аталған еді. Олардың жақын қарым-қатынаста болғаны да айтылған. Кейін одан жауап алынғаны да хабарланды.

Бұл қайғылы жайтқа байланысты Томиристің анасы дағыстандық саясаткердің отбасына үндеу жасаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Томирис Байсафаның өлімі: Дағыстанның экс-премьерінің ұлы ұсталды