Выйти
RU

Тоғыз жасар қыз ұйықтап жатып коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тоғыз жасар америкалық Кимора Линум ұйықтап жатқан кезде коронавирустан көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Тоғыз жасар қыз ұйықтап жатып коронавирустан қайтыс болды

Көрнекі фото: look.com.ua: UGC

Көз жұмар алдында бірнеше күн бұрын Кимораның дене қызуы көтеріліп, 37,7 градусқа дейін барған.

Ауруханада қызды қараған дәрігерлер ода ЖРВИ екенін айтып, үйден ем қабылдауға жіберген. Кимораға COVID-19-ды анықтайтын тест жасалмаған.

Бірнеше күннен кейін ол өзін жақсы сезінген. Өмірінің соңғы күнінде Кимора көшедегі достарымен ойнаған. Алайда кешке үйге келіп, өзін әлсіз сезініп тұрғанына шағымданған.

Сол түні ұйықтағаннан кейін ол мүлде оянбаған.

Ал коронавирусқа Кимораны тек өлімінен кейін ғана тексерген.

Айта кетейік, коронавирус індеті басталағалы бері АҚШ-та COVID-19 инфекциясын 4 398 994 адам жұқтырып, 150 774 адам қайтыс болған. 2 141 376 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда өкпесі жүз пайыз зақымданған науқас жазылып шықты

Ал еліміздегі жағдайға келсек, өткен тәулікте тағы 1544 тұрғыннан COVID-19 анықталған. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 86 192-ге жетіп отыр. 56 638 адам жазылып шықса, 793 адам көз жұмған.

COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы және Атырау облысы көш бастап тұр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоғыз жасар қыз ұйықтап жатып коронавирустан көз жұмды