RU

Томирис Байсафаның анасы күдіктінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеуде 2018 жылы қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы қызының бұрынғы сүйіктісі және Дағыстан экс- премьерінің ұлы, күдікті Муртузали Меджидовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Томирис Байсафаның анасы күдіктінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Жанна Ахметова. Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna_.: Instagram

Жанна соңғы екі жарым жыл бойы күткен істің орындалғаны жайлы баяндады. Томирис Байсафаның анасы желідегі парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірген. Ол президенттің 2019 жылдың қазан айында жолдаған өтінішіне назар аударғанына разы.

Жанна Қасым-Жомарт Тоқаев нағыз қарапайым шындықты - кез келген әрекет жазасыз қалмайтынын көрсетті дейді. Сөзінше, ол президентті елдің бірінші тұлғасы бола отырып, қарапайым азаматтардың өтінішіне жауап қатқаны үшін құрметтейді.

Одан бөлек, Ахметова ана ретінде РФ Президент әкімшілігі қызметкерлері мен ресейлік тергеу комитеті төрағасы Бастыркинге де алғыс айтты.

Тағы да оқыңыздар

Томирис Байсафаның өлімі: Дағыстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 3 мамырында Мәскеуде университет ғимаратынан құлаған қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болды.

Ресей тарапы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғада.

Сонымен қатар, тергеу органдары марқұмның өзіне қол салуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырған. Алайда Томирис Байсафаның анасы өмірге құштар қызының өзін өлтіруі мүмкін емес екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, қазақстандық арудың өліміне қатысты істе Дағыстанның бұрынғы премьерінің ұлының есімі де аталған еді. Олардың жақын қарым-қатынаста болғаны да айтылған. Кейін одан жауап алынғаны да хабарланды.

Бұл қайғылы жайтқа байланысты Томиристің анасы дағыстандық саясаткердің отбасына үндеу жасаған болатын.

Ал бүгін күдікті Муртузали Меджидовтің ұсталғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар

Томирис Байсафаның өлімі: Дағыстанның экс-премьерінің ұлы ұсталды

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Томирис Байсафаның анасы күдіктінің ұсталуына қатысты пікір білдірді