Выйти
RU

Профессор: Карантинді созу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Карантинді созу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға да болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Профессор: Карантинді созу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға болады

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл – медицина ғылымдарының докторы, профессор Ерболат Дербісәліұлының пікірі. Шектеулер бірден алынса, індеттің қайта өршу қаупі бар. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтау өте маңызды дейді ол.

"Екісі күні карантинді алып тастасақ, өткендегідей, мамырдағыдай жағдай болып қала ма деп мен де қорқамын. Екі жеті қайтадан карантин болады. Халық үйренді. Одан кейін біртіндеп-біртіндеп алып тастаған дұрыс. Аурулардың да жағдайын сақтаймыз, жұқпағандардың да жағдайын сақтаймыз, халқымыздың да жағдайын сақтаймыз. Сөйтіп, ұжымдық иммунитет өздігінен пайда болады", -деді АМУ кафедра меңгерушісі Ерболат Дербісәліұлы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанның екі өңірі эпидемияның екінші толқынына дайындалуда (видео)

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізді. Премьер-министр Асқар Мамин президентке 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады.

Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған.

Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Профессор: Карантинді созу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға болады