Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда автобус аялдамасына соғылған "Ауди" жүргізушісі көз жұмды

Опубликовано:

Қостанай қаласында "Ауди" маркалы автокөліктің жүргізушісі аялдамаға соғылып, қаза болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қостанайда автобус аялдамасына соғылған "Ауди" жүргізушісі көз жұмды
Көрнекі фото: kstnews.kz: Twitter

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға бүгін сағат 06:00 шамасында Қостанай-Рудный жолында болған. «

Ауди» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылып, жолдан шығып кетті. Жол апаты салдарынан жүргізуші көз жұмды. Полицейлер мен басқа да мүдделі органдар оқиға орнына жұмылдырылды» делінген полицияның баспасөз хабарламасында.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Кешенді тергеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар оқиғаның куәгерлері іздестірілуде.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Қошқарбаев даңғылы 12 тамызға дейін жартылай жабылды. Жүргізушілер маршрутын алдын ала жоспарлауы керек.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Қошқарбаев даңғылында Сарыкөл көшесінен Қордай көшесіне дейін жол құрылысын салу жоспарланған, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған орай 28 шілде мен 12 тамыз аралығында көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1867374-kostanajda-avtobus-aaldamasyna-sogylgan-audi-zrgizusisi-kz-zmdy/

pixel