RU

Ақтауда қыз баланы ойын алаңынан алып кеткен ер адам ұсталды

Telegram logo VKontakte logo

Күні кеше Ақтаудың полиция қызметкерлеріне белгісіз ер адамның қыз баланы алып кетіп, азғындық әрекет жасамақ болғандығу туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада қолға түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

inAktau порталы таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталған.

Куәгерлер ер адамның қыз баланы балалар алаңынан алып кеткенін хабарлады.

Белгілі болғандай, күдіктіні көршілердің бірі тәртіп сақшылары келгенше ұстап, кейін оларға табыстаған.

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз баланың жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылғаны хабарланды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Тағы да оқыңыздар

Әлемдік БАҚ педофилдің соңынан қуған алматылық полицей туралы жарыса жазуда

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты пікір білдірді.

Кейінірек бүлдіршіннің ата-анасы қаланың жұртшылығы мен еріктілерге қыздарын іздестіруге атсалысып, үлес қосқандары үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, олар ел тұрғындарынан оқиғаға қатысты түрлі пікірлер мен жалған ақпараттарды таратуды тоқтатуды сұрады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Ақтауда қыз баланы ойын алаңынан алып кеткен ер адам ұсталды