Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украиналық азамат үшінші рет коронавируспен ауырып қалды

Опубликовано:

Украинаның Тернополь облысының тұрғыны COVID-19-бен үшінші рет ауырып қалды. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасының бастығы Владимир Богайчук хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Украиндік жігіт үшінші мәрте коронавирус жұқтырып алды
Фото: Bloomberg / Getty Images: Getty Images
"Осымен үшінші рет ауырып жатқан науқас бар. Біз коронавирус инфекциясымен ауырсақ та, қайта ауырмайтынымызға ешқандай кепілдік жоқ екенін түсінуіміз керек", – дейді Владимир Богайчук.

Украинаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 67 597 адам тіркелген. Індеттен 1 650 адам қайтыс болса, 37 394-і емделіп шыққан.

Ал еліміздегі жағдайға келсек, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1 472 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 87 664-ке жетіп отыр. 57 815 адам жазылып шықса, 793 науқас көз жұмған.

Айта кетейік, бұған дейін мамандар коронавирустан қорғайтын масканың ең тиімді түрі анықтаған еді.

Ол үшін сарапшылар зерттеу жүргізген. Яғни қолдан жасалған бір және екі қабатты матадан жасалған маскалар мен үш қабатты хирургиялық бетперделерді салыстырған.

Зерттеу нәтижелері үш қабатты хирургиялық масканың ең тиімді екенін көрсеткен. Аталған маскамен сөйлеу және жөтелу кезінде тамшылар аз таралды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867392-ukrainalyk-azamat-sinsi-ret-koronavirus-zktyryp-aldy/

pixel