RU

Айдос Сарым шенеуніктерді табыс декларациясын ашық дереккөздерге жариялауға шақырды

Telegram logo VKontakte logo

Белгілі саясаттанушы шенеуніктердің табыс туралы декларациясын жұртшылық жиі пайдаланатын платформаларда жариялауға шақырды. Бұл туралы Айдос Сарым Жемқорлыққа қарсы агенттіктің Facebook әлеуметтік желісінде өткен тікелей эфир барысында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Хабар 24

Фото: Хабар 24: Instagram

Айдос Сарым мемлекеттік қызметте жүріп адам өзінің жүріс-тұрысын шектейтінін айтады. Оның сөзінше, коррупция барлық елде бар.

"Шенеунікті екі шоқып, бір қарау қажет. Декларациясын қарар болсаңыз, не көлігі, не үйі жоқ. Көпшілігі дүние-мүлкін әйелінің атына тіркеп қояды. Белгілі бір қызметке келердің алдында әдейілеп әйелімен ажырасатын шенеуніктер де жоқ емес. Біз интернет дәуіріндеміз. Елдің көзінен ештеңе жасыра алмайсыз. Саған тиесілі дүние бір күні бәрібір жарқ етіп шығады", – дейді саясаттанушы.

Тағы да оқыңыздар

"35-40 мыңның қойлары талапқа сай емес": Бас имам қой бағасына қатысты сөзіне жауап берді

Айдос Сарым "шенеуніктердің табыс туралы декларациясы жұртшылық жиі пайдаланатын платформаларда жариялануы керек" деген пікірде.

Сонымен қатар, әкімдер де қызметіне кіріспей тұрып, өзінің дүние-мүлкі туралы жұртқа ашық мәлімет бергені жөн екенін атап өтті.

"Мемқызметке келдің бе, ашық дереккөздерде, сайттарда қанша табыс тапқаныңды көрсет. Әкімдер де қызметіне кіріспей тұра, өзінің дүние-мүлкі туралы жұртқа ашық мәлімет бергені жөн. Жұрттан жасырарың жоқ болса, несіне қысыласың?

Екінші мәселе – бұл қызметке неге келдің? Әкім мен министрлер қызметке тағайындаларда, дайын жоспармен келуі қажет. Айталық, екі жылда не бітірем деп. Қанша мектеп, қанша аурухана саламын, қанша көпір тұрғызамын деген дайын жоспары болуы тиіс. Бұл оның міндеті. Бізге осындай мәдениетті қалыптастыру қажет. Әйтпесе кейбір әкімдердің не бітіріп отырғаны белгісіз, тіпті түрін де білмейміз. Егер нақты жұмыс жобасы болса, мұны халық та бағалар еді", – дейді Айдос Сарым.

Тағы да оқыңыздар

"Ақша табуға рұқсат бермейді": Шымкентте қолға түскен жезөкше наразылық танытты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Айдос Сарым шенеуніктерді табыс декларациясын ашық дереккөздерге жариялауға шақырды