Выйти
RU

Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша 1 млрд-тан аса халқы бар Қытайды артта қалдырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны бойынша Қытайды басып озды. Жалпы республика бойынша елде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 87 664 жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, Қытайда 87 457 адамда коронавирус расталған. Ал Джон Хопкинс университеті жариялаған ақпаратта аспан асты елінде 87 213 адамның COVID-19 жұқтырғаны айтылған.

Ал Қазақстандағы жағдайға келсек, COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 87 664-ке жеткен. Өткен тәулікте 1472 адам коронавирус жұқтырған. Елімізде індеттен 57 815 адам жазылса, 793 науқас көз жұмған.

Ал жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 959 936 жетіп отыр. Оның ішінде 9 908 772 адам жазылып, ауруханадан шықса, 665 581 науқас қайтыс болған.

Тағы да оқыңыздар

Украиналық азамат үшінші рет коронавируспен ауырып қалды

COVID-19 вирусының расталған 4 425 652 жағдайымен әлем бойынша бірінші орында АҚШ тұр. Соңғы 24 сағат ішінде мұнда коронавирус індетінен 1600 адам көз жұмған. Бұл мамыр айынан бері ең жоғары көрсеткіш. Жағдай әсіресе елдің оңтүстігі мен батысында орналасқан бірнеше штатта ушығуда.

Қауіпті дертті жұқтырғандардың саны бойынша екінші орында Бразилия орналасқан. Оңтүстік америка құрлығында орналасқан елде 2 522 265 адамнан COVID-19 анықталған.

Үшінші орынды Үндістан қорытындылап тұр. Бұнда инфекцияның 1 531 669 жағдайы тіркелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша 1 млрд-тан аса халқы бар Қытайды артта қалдырды