Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова көк түсті шашымен елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде көк түсті шашымен түскен фотосымен бөлісіп, барша жанкүйерлерін қатты таңғалдырды. Өнер иесінің суреттегі жаңа образы ел арасында қызу талқыға түскен. Бірі оның мұндай түбегейлі өзгерісін құптамайтынын жазса, енді бірі оның фотошоп қолданғанын айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/makosyai.
Фото: Instagram/makosyai.: Instagram

Ма0пал Исабекова мүлдем жаңа образда түскен фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда эстрада жұлдызы шашының сары түсін көкке алмастырғанын көруге болады.

Алайда, өнер иесінің бұл өзгерісі көпшілік көңілінен шыға қоймаған. Жанкүйерлер оған сары түсті шаш анағұрлым жарасымдырақ екенін айтты. Алайда, желі қолданушыларының басым бөлігі Мақпал Исабекованың шашын көк түске бояп тастағанына сенер емес.

Олар әнші суретін фотошоптың көмегімен өзгертіп тастады деп болжауда.

"Түсінсем бұйрмасын. Не үшін? Өз шашыңыз жақсы еді" , "Неге мұндай түске боядыңыз? Меніңше бұрынғыдай дұрыс болған" , "Жарасып-ақ тұр. Сізге бәрі жарасады" , "Меніңше, бұл фотошоп. Жасанды шаш сияқты" , "Бұл фотошоп немесе парик болса керек" , "Әдемі шашыңызды не үшін қорладыңыз" , "Әдемісіз, бірақ неге көк түске бояу ойыңызға келді" , - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1867427-makpal-isabekova-kk-tsti-sasymen-eldi-tagaldyrdy-foto/

pixel