Выйти
RU

БАҚ: Түркияда 21 жастағы қазақстандық қыз жоғалып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандық арудың Түркияда 2 айдан бері іздестіріліп жатқандығы жайлы ақпарат тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БАҚ: Түркияда 21 жастағы қазақ қызы жоғалып кетті

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

РИА ФАН-ның жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, бойжеткен Анталья қаласында жоғалып кеткен.

Ол Түркияда отбасымен бірге тұрған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бойжеткен ата-анасы ұрысып қалғаннан кейін, үйден кетіп қалған екен.

Ол өзімен бірге ақша мен құжаттарын алмаған. Келесі күні із-түзсіз жоғалған қыздың анасы оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Іздеу жұмыстары басталған бірақ әзірге нәтиже жоқ.

Қазақстандық азаматшаның ата-анасы болған оқиға туралы түрік телебағдарламалардың бірінің эфирінде айтуға ниетті. Олар бұл үшін Стамбұлға баруға дайындалып жатыр, деп жазады басылым.

NUR.KZ редакциясы ресми пікір алу үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне жүгінді.

Тағы да оқыңыздар

Томирис Байсафаның өлімі: Дағыстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды

Еске сала кетсек, Грузиядағы туыстарына қонаққа барып, карантинге байланысты ұзақ уақытқа қалып қойған 13 жастағы алматылық Илья Пилпани жоғалып кетті.

Ол 18 шілде күні велосипедпен серуендеу үшін үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланы куәгерлердің соңғы рет Ленджери ауылында көргендігі айтылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ: Түркияда 21 жастағы қазақстандық қыз жоғалып кетті