Выйти
RU

Президенттік кадр резервінің өкілі Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Айбек Сәттібаев Шымкент қаласының әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Instagram

Айбек Берікұлы 1987 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша қаржыгер, мемлекеттік саясат магистрі.

Ол Банк ісі жоғары мектебінің колледжінде, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен "Болашақ" стипендиясы аясында Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінде білім алған.

Еңбек жолында Қазақстандағы түрлі банк мекелерінде, Қаржы министрлігі, Қаржы мониторингі комитетінің бас маманы, сарапшысы, Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, "Uly Dala" компаниялар тобы бизнесті дамыту жөніндегі директоры, "Каспий" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасының орынбасары болып еңбек еткен.

Тағы да оқыңыздар

Гарвард түлегі Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Айта кетейік, 29 шілдеде Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметтерінен босатылғанын хабарлаған едік.

Кейін Мұрат Әйтеновтің бірінші орынбасары болып "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған Шыңғыс Мұқан тағайындалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президенттік кадр резервінің өкілі Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды