Выйти
RU

Ерлан Қарин енді президенттің көмекшісі қызметін атқарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ерлан Қарин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі қызметіне тағайындалып, президенттің кеңесшісі қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: UGC

"Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын", - делінген жарлықтың мәтінінде.

Ерлан Қарин 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аспирантурасын бітірген.

Саяси ғылымдарының кандидаты.

  • 1997-1998 жылдары – Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі.
  • 1998-2000 жылдары – Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары.
  • 2000-2002 жылдары – Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.
  • 2002-2003 жылдары – премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі.
  • 2003-2004 жылдары – республикалық "Асар" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, заманауи саясат Халықаралық институтының бас директоры.
  • 2004-2006 жылдары – Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы.
  • 2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
  • 2008 жылғы ақпан-қараша – Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
  • 2008-2013 жылдары – "Нұр Отан" ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы.
  • 2013-2014 жылдары – Вашингтон Университетінің (АҚШ) арнайы шақырылған профессоры.
  • 2014-2017 жылдары – Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
  • 2017-2019 жылдары – "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорация" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған.

Тағы да оқыңыздар

Президенттік кадр резервінің өкілі Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Президентінің кеңесшісі болып 2019 жылдың 5 сәуірінде тағайындалған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ерлан Қарин енді президенттің көмекшісі қызметін атқарады