Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрегі тоқтап қалған бойжеткен үш күннен кейін көзін ашты

Опубликовано:

Қытайда 23 жастағы бойжеткен жүрегі тоқтап қалғаннан кейін дәрігерлердің арқасында аман қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Жүрегі тоқтап қалған бойжеткен үш күннен кейін көзін ашты
Фото: Global Times: UGC

Global Times басылымының хабарлауынша, пациент денсаулығына мүлдем көңіл аудармаған. Ұйқысыздықтың салдарынан оның иммунитетті төмендей бастапты.

Салдарынан бойжеткенге шілденің ортасында суық тиіп, ол фульминантты миокардитке әкелген. Жүрек бұлшықетінің ауруы өз кезегінде кардиогенді шок тудырған.

Ал біраз уақыттан кейін оның жүрегі мүлде тоқтап қалған.

Дегенмен қытайлық дәрігерлер оны аман алып қалудың жолын тапқан.

Ақ халаттылар қанды оттегімен қанықтыру үшін бойжеткенді ECMO (экстракорпоралды мембраналық оксигенация) аппаратына қосады.

Ол жүректің жұмыс істеуіне және тыныс алуға көмектескен. Науқас апаратта үш күн бойы жатқан. Бұл аралықта ол есін біліп жатқан. Қазір жағдайы жақсы.

Айта кетейік, қытайлық бойжеткен туралы жаңалық Азиядағы барлық әлеуметтік желілерде лезде тарады.

Желі қолданушылары енді түнгі ұйқыларына немқұрайлы қарамайтынын жазуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін түн ортасында жүрегі тоқтап қалып, 90 минуттан кейін қайта соққан Австралия тұрғыны туралы жазған едік.

Элистер төрт күн жансақтау бөлімінде жатып, кейіннен көзін ашқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1867461-zregi-toktap-kalgan-bojzetken-s-knnen-kejin-kzin-asty/

pixel