Выйти
RU

СҚО-да провизорлық стационар қызметкері үйлену той жасаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстанда жастар енгізілген шектеулерге қарамастан, үйлену тойын ұйымдастырып, карантин режимінің талаптарын бұзған. Айта кетерлігі, оқиғаның басты кейіпкері әрі ереже бұзған азамат провиорлық бөлімнің қызметкері болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысындағы уақытша аурухананың қызметкері үйлену тойын ұйымдастырды

Көрнекі фото: pxhere.com: Depositphotos

Солтүстік Қазақстан прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақта ахуалдық орталығы коронавирус инфекциясымен жағдайды тұрақтандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Оның құрамына әкімдік қызметкерлері, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлері кіреді.

"Қазіргі уақытта отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, жекелеген азаматтар үйлерді жалға алып, тойға 40-қа жуық адамды шақырған. Отбасылық мереке тоқтатылды. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл факт өрескел ереже бұзушылық болып табылады, өйткені жиын ондағы адамдарға вирус жұқтыру қаупін тудырады.

Тағы да оқыңыздар

Елімізде рестораторлар мен кафе иелері қарыздарын өтеу үшін пәтерлерін сатуда

Әсіресе, мерекенің басты кейіпкері мен құқық бұзушылыққа кінәлі азамат провизорлық аурухананың қызметкері болып шықты, басқаларға қарағанда жағдайды жақсы білетін және түсінетін азаматтың осындай әрекетке барғаны ерекше ашындырады", – деді облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.

Сондай-ақ, департаменттің баспасөз қызметі ахуалдық орталығы барлық елді мекендердегі дәріханалар мен ауруханалардағы дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін қадағалап отыратынын атап өтті. Олардың бағасы, сапасы, өзіндік ерекшелігі, қосымша резервтері тексеріледі. Мәселелерді жедел шешу және белгілі бір бұзушылықтарды жою бойынша дереу шаралар қабылданады.

"Облыс тұрғындары барлық сұрақтар бойынша облыс әкімдігінің Instagram-дағы @sko_news ресурсымен байланысып, кез келген хабарлама қалдырып, жауап алып, мәселені шешуге көмектесіп, түсіндіреді", – деп толықтырды СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар

Таяқпен "тәрбиелеген": полиция бастығы қызметкерлерін қорлады деп айыпталды (видео)

Еске салсақ, жақында Маңғыстау облысының тұрғыны ұлының үйлену тойын дәл өзінің ауласында дүркіретіп атап өткені туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СҚО-да провизорлық стационар қызметкері үйлену той жасаған