Выйти
RU

Коронавирусты аяқпен емдеген емшінің видеосы желіде пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

КТК телеарнасының журналисі Жазира Бегалы ​​Facebook-те коронавирус пен пневмонияны емдеп жүрген белгісіз қызылордалық емшінің видеосын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирусты аяқпен емдеген емшінің видеосы желіде пайда болды

Фото: Видеодан кадр: UGC

Желіде тараған видео кадрларынан ер адамның жерде жатқандардың әрқайсысына жақындап, аяғымен басып жатқанын көруге болады.

"Қызылордалық емші індеттен, пневмониядан емдеймін дейді. Коронавирустың дауасын іздеген ел емшінің аяғының астында жатыр. Жарнама инстаграмды шарлап кетіпті. Зімбірдің тамырын, лимон, қойдың құйрығын, ақжелкеннің тамырын таласып алдық. Енді емшінің аяғынан шипа іздеп кетпейік. Масқара екен", - деп жазды журналист өз парақшасында.

Келушілердің бірі қызуы мен жөтелі бір күнде жоғалып кеткенін мәлімдеді. Адамдардың пікірінше, емдеу тегін жүріп жатыр.

"Мен тегін емдеймін, адамдарға көмектесуге тырысамын. Адамдардың игілігі үшін істеймін. Қазір карантинге қарамастан, аймақтарды аралап жүрмін. Мен елорданы қоспағанда, елдің барлық аймақтарындағы адамдарды емдеймін. Әр аймақта небәрі үш күн боламын", - деді емші.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін отандық емші Динара Орынтайқызы коронавирус инфекциясы мен пневмонияның бір дерт екенін айтып дабыл қақты. Дәстүрлі және халықтық медицинаны ұштастырған ол әлемде қауіпті індетке арналған вакцинаның құрамына кәдімгі тұзды пайдалану керек деп отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирусты аяқпен емдеген емшінің видеосы желіде пайда болды