Выйти
RU

Шымкентте мемқызметке орналастыру үшін 15 мың доллар сұраған азамат анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте бөлім басшысы мемлекеттік қызметке орналастыру үшін пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне қарасты бірінші департаменттің аға тергеушісі брифинг барысында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов.: Original

"Шымкент қаласының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №1 аудит сәйкестігі бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр" , - деді Баржақсынов.

Тергеушінің сөзінше, шенеунік 2020 жылдың 27 шілдесінде "А" есімді азаматтан қолма-қол 15 мың доллар көлемінде ақша алған. Бөлім басшысы оны мемлекеттік ревизор-аудитор қызметіне тағайындау керек болған.

Еске сала кетейік, Шымкент әкімдігінде кешелі бері бірқатар өзгерістер орын алды. Шымкент қаласы әкімі екі орынбасары Ербол Садыр мен Алмасбек Мамытбеков қызметтерінен босатты.

Тағы да оқыңыздар

Жамбыл облысында полиция бөлімінің басшысы желіде тараған даулы видеодан кейін қызметінен кетті

Күні кеше Шымкент қаласы басшысының өкімімен әкімнің бірінші орынбасары қызметіне Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы келді. Осыған дейін журналист болып та еңбек еткен Мұқан Шыңғыс - Гарвард университетінің түлегі.

Оған қоса, шаһар басшысы бүгін тағы бір орынбасарын көпшілікке таныстырды. Бұл лауазымды қызметке президенттік жастар кадрлық резервінің өкілі Айбек Сәттібаев келді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте мемқызметке орналастыру үшін 15 мың доллар сұраған азамат анықталды