Выйти
RU

Ақтөбеде провизорлық орталық жұмысын тоқтатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, 300 адамға арнап жасақталған орын қажет болмай қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде провизорлық орталық жұмысын тоқтатты

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Індет өршіген мезетте бұл жерде 350-ге жуық жан ем қабылдаған. Барлығы да құлан-таза айығып, үйлеріне қайтарылды.

Марат Оспанов атындағы медицина университетінің жатақханасында уақытша ұйымдастырылған бұл емдеу орнына ауруы орташа және жеңіл түрдегі науқастарды қабылдаған.

Қазір ғимарат толығымен дезинфекцияланып, тиісті тазарту жұмыстары жүргізілді. Дегенмен оттегі тасымалдайтын құбырлар әлі де болса орнында. Сондықтан қажет болған жағдайда науқастарды қабылдауға әзір.

"Пандемия кезінде жұмыс жасаған жас дәрігерлер, соның ішінде резиденттер, студенттер барлығы жақсы тәжірибе алды. Волонтерлер болды. Барлығы да осындай қиын-қыстау кезде бір-бірімен тіл табысып, әркім өзінің жұмысын жоғары деңгейде көрсетті", - деді провизорлық орталықтың бас дәрігері Есенаман Нысанов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бірнеше өңірінде провизорлық және инфекциялық стационарлар жабылды. Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігі ауруханалардағы төсек-орындар санын қысқартпақ екенін жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде провизорлық орталық жұмысын тоқтатты