RU

Сәтбаевтағы жағдай: Бұзақылық жасаған 15 адам ұсталды (видео)

Telegram logo VKontakte logo

Сәтбаев қаласында бұзақылық жасағаны үшін 15 адам қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр: UGC

Басылым мәліметінше, 24 шілдеге қараған түні Сәтбаев қаласында бір топ азамат бұзақылық жасаған. Тас-таяқпен қаруланған жастар тобы бес жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адамды өз беттерімен жазалауға ұмтылып, полиция ғимаратына кіруге әрекеттенген. Тәртіп сақшылары бұл бұзақылықтың жолын кесті.

Алайда басбұзарлардың жолындағыны қиратып, айтарлықтай материалдық зиян келтіргені белгілі болды. Олар қақпаны, ауладағы адамдар отыратын орындарды, қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған ескерткішті, полиция ғимаратының аумағындағы шамдарды, терезелердің әйнектерін сындырған.

Полиция келтірілген залалдарды бағалау жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Қылмыстық кодекстің үш бабы (“Бұзақылық” “Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру”, “Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Қазіргі уақытта бұзақылық әрекеттерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар анықталып, ұсталды. УҰИ-ға 15 адам қамалды. Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама аясында жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері кінәлі адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаға тартылады деп отыр.

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты түсініктеме берген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Сәтбаевтағы жағдай: Бұзақылық жасаған 15 адам ұсталды (видео)