Выйти
RU

Тамыз айында 21 250 теңге беріледі: Ел тұрғындарына өтінімді қайта беру қажет пе

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде тамызда карантин тағы екі аптаға созылатын болғандықтан азаматтарға 42 500 теңгенің орнына - 21 250 теңгеден беріледі. Осы орайда орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "аталған төлемді алу үшін азаматтар өтінімді қайта беруі қажет пе" деген сауалға жауап берді жеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Бүгінгі күнге дейін 2,1 млн адам, соның ішінде проактивті форматта да 42 500 теңгені алған болатын (ред. - шілде айы үшін). Қазіргі кезде бұл шаруамен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысуда. Бұрын бір реттік әлеуметтік төлемді алған азаматтардың мәліметтері базада бар. Сол себепті оларға проактивті форматта төлем тағайындалады", - деді вице-премьер.

Еске сала кетсек, осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға тамыз айында 42500 теңгенің жартысы төленетінін мәлім еткен болатын.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бар. Екі аптаға карантин созылды. Төлем беріледі. Бірақ 42 500 теңгенің жартысы 21 250 теңге төленеді",- деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тамыз айында 21 250 теңге беріледі: Ел тұрғындарына өтінімді қайта беру қажет пе