Выйти
RU

Елімізде Covid-19-ға қарсы екпенің қашан салына бастайтыны белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде маймылдар коронавирус инфекциясына қарсы егіліп жатыр. Приматтарға дейін вакцина ең ұсақ хайуанаттарға да салынған. Әзірге отандық вакцинаны сынап жатқан ғалымдар еш жағымсыз әсер байқалмады деп отыр. Ал адамдарға Covid-19-ға қарсы екпе қыркүйекте салына бастайды. Ғалымдардың пікірінше, қауіпті індеттен айығу үшін, кем дегенде халықтың 80 пайызға жуығы егілу керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Орынбасарұлы вакцина қазір клиникаға дейінгі сынақтан өтіп жатқанын мәлім етті. Оның айтуынша, клиникаға дейінгі сынақтар зертханалық жануарларға өткен. Оның ішінде тышқан, теңіз шошқасы, қоян және тағы басқалар бар.

Ғалым бүгінгі алынған нәтиже бойынша вакцина өзінің тиімділігін көрсетіп отыр дейді.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, төрт түрлі 5 вакцинаны Жамбыл облысының Қордай ауданы Гвардейск деген қалашықтағы зерттеу институтының ғалымдары дайындап жатыр екен. Екпелерге материал Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасындағы науқастардан алынғаны белгілі болды.

"Бірінші вакцинамызға қазір клиникаға дейінгі сынақтар өтіп жатса, қалған вакциналар әзірленуде. Вакциналар Денсаулық сақтау министрлігінің тәртібі бойынша клиникалық сынақтан өтеді. Сол сынақтар нәтижесі бойынша адамдарға қолдану немесе пайдалану жөнінде рұқсат беріледі", - деді Ерғали Орынбасарұлы.

Жамбылдық ғалымдар ойлап тапқан инфекцияға қарсы дәрі-дәрмектің бағасы қанша болары белгісіз. Алайда мамандар шетелдікінен арзан болады деп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцина пайда болса, елдегі екі миллионнан астам адамға салынатынын айтыпты. Телеарна мәліметінше, осыған сәйкес елімізде жаппай егу қыркүйектен басталуы мүмкін.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, соңғы деректерге сүйенсек Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 87 664-ке жеткен. Өткен тәулікте 1472 адам коронавирус жұқтырған. Елімізде індеттен 57 815 адам жазылса, 793 науқас көз жұмған.

Ал жалпы әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 959 936 жетіп отыр. Оның ішінде 9 908 772 адам жазылып, ауруханадан шықса, 665 581 науқас қайтыс болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде Covid-19-ға қарсы екпенің қашан салына бастайтыны белгілі болды