Выйти
RU

Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: elbasy.kz

Фото: elbasy.kz: Depositphotos

Құттықтаудың мәтіні Тұңғыш президенттің ресми интернет-ресурсында жарияланды. Төменде Елбасының сөздерін ұсынамыз.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Мейірімділіктің, жақсылық пен жасампаздықтың символы болып саналатын бұл жарқын мейрам біздің жүрегімізге жақындарымызға деген сүйіспеншілік ұялатып, игі істерге, мұқтаж жандарға көмектесуге үндейді.

Осы күні біз Жаратқанға жалбарынып, өзімізге бейбіт өмір мен тыныштық, қайрат-қуат пен рухани күш-жігер сұраймыз.

Құрбан айт бізді ізгі үрдістерге баулып, адами құндылықтардың бағасын арттыра түседі.

Елімізде Құрбан айт әртүрлі ұлттар мен дін өкілдері арасындағы бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.

Осы қастерлі мерекеде барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Тағы да оқыңыздар

"Құрбан айт - бірлігімізді бекемдейтін мереке": Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады

Айт қабыл болсын!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады