RU

"Құрбан айт - бірлігімізді бекемдейтін мереке": Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады

Telegram logo VKontakte logo

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz: UGC

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы:

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше.

Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді. Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады.

Бүгінде жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін бізге тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет. Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді.

Тағы да оқыңыздар

Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

«Сабыр – сәулетті байлық» дейді халқымыз. Рухы асқақ ел ретінде барлық сынақты еңсеретінімізге сенемін.

Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін! Халқымыздың амандығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Құрбан айт - бірлігімізді бекемдейтін мереке": Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады