Выйти
RU

Үйлену тойын өткізе алмай қалған Тәуекел ол күнді отбасымен атап өтті (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім күні кеше, 30 шілде күні жеті бөлімнен тұратын үйлену тойын дүркіретіп атап өтуі керек болатын. Алайда, мемлекет бойынша жарияланған карантин актердің бар жоспарын құртып тастады. Дүбірлі шараны өткізе алмаған өнер иесі мойымай, белгіленген күні бәрібір де ет-жақындарымен бірге кішігірім отырыс жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mussilim.

Фото: Instagram/mussilim.: Instagram

Тәуекел Мүсілім үйлену тойы өтетін күні өзінің ең қымбат әйелдерін, анасын, әпкесін және келіншегін оңтүстік астанадағы әдемі мейрамханалардң біріне апарған. Белгілі актердің қуанышына олардан басқа жиендері де ортақтасқан.

Шоу-бизнес жұлдызы дүбірлі тойды өткізе алмаса да, отбасымен жоспарланып қойылған күнді атап өтуді жөн көрді. Ол жақындарымен бірге кешкі ас ішіп, мейрамханада елдің көзінше жарымен вальс биледі.

Тағы да оқыңыздар

"Қорған болар ешкім жоқ": Алматыда ашынған балалар Тоқаевтан көмек сұрады (фото)

Желіде қос ғашықтың 30 шілдені қалай өткізгені туралы фото мен видеолар тарап кетті. Оларды Тәуекел Мұсілім өзінің Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жариялаған болатын.

Жас жұбайлар мұндай оқиға болып қаларын сезгендіктен, бұл мәселеге бола көңілдерін түсірмеген. Керісінше, олар бұл күнді тек ең жақын адамдарымен өткізгеніне аса қуанышты екендерін көрсетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үйлену тойын өткізе алмай қалған Тәуекел ол күнді отбасымен атап өтті (фото, видео)