Выйти
RU

Ербол Оспанов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үкімет қаулысымен Ербол Дүйсебайұлы Оспанов Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ербол Оспанов. Фото: primeminister.kz

Ербол Оспанов. Фото: primeminister.kz

Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Казгипрожелдортранс» темір жол көлігінің нысандары мен ақпараттық жүйелерін жобалаудың қазақстандық техникалық-экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да 1-санатты инженер болып бастады.

2000-2001 жылдары — «Казгипрожелдортранс» темір жол көлігінің нысандары мен ақпараттық жүйелерін жобалаудың қазақстандық техникалық-экономикалық зерттеулер институты» АҚ филиалының жетекші инженері.

Тағы да оқыңыздар

Ерлан Қарин енді президенттің көмекшісі қызметін атқарады

2001-2006 жылдары «Қазақстан темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жобалар жетекшісі болып жұмыс істеді.

2006-2007 жылдары — «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» АҚ ақпараттық жүйелерді әзірлеу басқармасының жүйелік талдау және бизнес жоспарлау бөлімінің жетекші инженер-жобалаушысы.

2007-2010 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жұмыс істеді, онда мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерін құру департаментінің бас маманы, мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерінің жұмыс істеуі жөніндегі бағдарламаның АКТ-процестерінің бас менеджері, құзырет орталығы директорының орынбасары, құзырет орталығының директоры лауазымдарын атқарды.

2010-2012 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарушы директоры, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2012-2016 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-да бас директордың бірінші орынбасары, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2016-2020 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, бірінші вице-президенті, президенті қызметтерін атқарды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ербол Оспанов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды