Выйти
RU

Белгілі заңгер міндетті түрде маска тағу жайлы шыққан қаулыны сынап тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейманов бас санитар дәрігердің соңғы қаулысында келіспейтін бірқатар жайттар бар екенін топшылады деп жазады KAZ.NUR.KZ Жангелді Сүлеймановтың ресми Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Заңгердің сөзінше, қаулының іші дұрыс құрылмағандықтан бірқатар нақтыланбай кеткен жайттар орын алған. Мысал ретінде ол "медициналық бетперделердің" орнына "қорғаныс маскаларын" және "жабық нысандар" терминін келтірді. Ол бұл термин тіптен миға қонымсыз екенін жазды.

"Ашық нысандар болмайды ғой. Ол ашық болса, ол нысан болып саналмайды" , - деп атап өтті заңгер.

Оған қоса, ол "көлік" терминінің қолдануын мысал ретінде келтірді.

Сүлейменов қаулы да нақты көліктің қандай түрі екені айқындалмағанын алға тартты. Сол себепті,,оның сөзінше, жақында жол полициясы маскасыз жүрген әрбір жүргізушіге айыппұл салатын болады.

Тағы да оқыңыздар

Руслан Жанпейісов өзіне шыққан үкімге қатысты пікір білдірді

Заңгер "көшеде" деген сөз оған ең қызық болғанын айтты. Оның сөзінше, заңгерлік салада "көше" деген сөз үйлер арасындағы көліктерге арналған жол болып саналады.

Ол саябақтар, алаңдар мен даңғылдар бұл тыйымға кірмейді деп санайды.

"Егер масканы қайда және қалай тағу керектігін бас санитар дәрігердің өзі білмесе, оны халықтан қалай талап етуге болады? Оның үстіне қарапайым халыққа ол үшін үлкен көлемдегі айыппұл салу орынды ма?" , - деді Сүлейманов.

Еске сала кетейік, еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда көшеде міндетті түрде маска тағып жүру талабын бекіткенін хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Белгілі заңгер міндетті түрде маска тағу жайлы шыққан қаулыны сынап тастады