Выйти
RU

Алматыда бала мен әкесін қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жол бойында бала мен әкесін қағып кеткен жүргізуші Алматыда қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда бала мен әкесін қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазір Бостандық аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері осы жол оқиғасына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккен жүргіншілердің қаншалықты жарақат алғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жұмыстары белгіленген. Айта кететін жайт, жүргізуші көлік тізгініне мастықпен отырған. Сол үшін де ол 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, куәлігінен қағылды.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, Алматы қаласында 31 шілдеден 2 тамызға дейін қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.

"Құрметті жолаушылар! Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес мереке және демалыс күндері, яғни 31 шілде, 1-2 тамызда Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің, сондай-ақ метрополитеннің жұмысы тоқтатылатындығын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда үш күн бойы қоғамдық көліктер жүрмейді

Қоғамдық көліктер оңтүстік астанада дүйсенбі, 3 тамыз таңғы сағат 06:00-ден бастап жұмыс істейді. Сонымен қатар, Құрбан айт кезінде Алматыда 14 полиция бекеті жұмыс істейді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда бала мен әкесін қағып кеткен жүргізуші ұсталды