Выйти
RU

Мемқызметке орналасу тәртібі қалай өзгерді: Агенттік түсіндірме берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми өкілі Ерхан Таткен мемлекеттік қызметке орналасу тәртібінің өзгеруіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемқызметке орналасу тәртібі қалай өзгерді: Агенттік түсіндірме берді

Көрнекі фото: pxhere.com: Getty Images

"Мемлекеттік органда бос жұмыс орындары болған кезде бірінші ішкі конкурс жарияланады, оған осы мемлекеттік органның қызметкерлері ғана қатысады. «Бұл ретте, бұрын бірінші ішкі конкурстың жеңімпазы болмаған жағдайда екінші ішкі конкурс жарияланды, оған барлық мемлекеттік қызметкерлер қатысатын.
Екінші ішкі конкурстың жеңімпазы болмаған жағдайда ғана барлық азаматтар арасында жалпы конкурс жарияланатын. Осылайша, мемлекеттік қызметке орналасу конкурсына қатысу үшін азаматтар мемлекеттік қызметшілерге қарағанда айтарлықтай көп уақыт күтетін",- деп атап өтті Ерхан Таткен.

Қазіргі уақытта осылайша екінші ішкі конкурс алынып тасталды. Енді бос жұмыс орнын құру кезінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның ішіндегі қызметкерлер үшін бірінші ішкі конкурс жарияланады. Ал оның жеңімпазы болмаған жағдайда жалпы конкурс жарияланады.

Тағы да оқыңыздар

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды

Осыған байланысты, конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі мен азаматтардың конкурсқа қатысу үшін күту уақыты айтарлықтай қысқарды. Сонымен, бұрын бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстардың барлық кезеңдерін өткізу үшін 50 жұмыс күні қажет болатын. Қазір бұл рәсім 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметке үміткерлер енді қазақ тілінен жетілдірілген тест тапсырады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мемқызметке орналасу тәртібі қалай өзгерді: Агенттік түсіндірме берді