Выйти
RU

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін екі адамға іздеу салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Полицейлер жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікке ілінген екі тұрғынды іздеп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Сәтбаев қаласы прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін екі адамға іздеу салынды

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Depositphotos

Бақылау органы 24 шілдеде өткен оқиғаны тергеп жатыр. Ведомство ақпарынша, қазіргі уақытта бұзақылық және тәртіп сақшыларына дене жарақатын салу, өзгенің мүлкіне залал келтіру, сондай-ақ, полицейлерге бағынбау күдігімен Сәтбаевтың 16 тұрғыны ұсталды. Олардың тұлғасы бейнекамералардың көмегімен анықталды.

"Қалада ешкім негізсіз ұсталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 16 адамды құрықтады. Ұсталған азаматтардың құқықтары бұзылып жатқан жоқ. Оларға адвокаттар көмектесуде. Тағы екі адамға іздеу салынды.
24 шілде күні болған барлық оқиғалар заңға қайшы болып табылады. Полиция қызметкерлерін ұру, басқаның мүлігіне зиян келтіру, бұзақылық пен тәртіп сақшыларына бағынбау - қылмыстық кодекске сәйкес тергелетін қылмыстар",-деді Сәтбаев прокуратурасында.

Тағы да оқыңыздар

Әлемдік БАҚ педофилдің соңынан қуған алматылық полицей туралы жарыса жазуда

Еске сала кетсек, 23 шілде күні түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Ал 24 шілде күні орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев қаласындағы жағдайға байланысты түсініктеме берген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін екі адамға іздеу салынды