Выйти
RU

Соңғы 20 науқас үйлеріне қайтты: Елордада тағы бір стационар жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтандағы "Рамада Плаза" ғимаратында орналасқан жұқпалы аурулар стационары жабылуда. 31 шілдеде бұл жерден коронавирус инфекциясы және пневмониямен ауырған соңғы 20 науқас шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сovid19.astana.kz сайты.

Фото: covid19.astana.kz

Фото: covid19.astana.kz: Depositphotos

№3 қалалық көпсалалы аурухананың терапевті Дәурен Молдажановтың айтуынша, 1 шілдеден бастап стационарда коронавируспен ауырған оның ішінде ауырлық дәрежесі орташа және ауыр мыңға жуық науқас емделген.

"Бұл стационар өз міндетін толықтай орындады. Нұр-Сұлтан әкімдігі оттегі концентраторларын жеткізді. Науқастарды күту үшін барлық медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер болды. Бұл бізге жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді", – дейді Молдажанов.

Бүгінде аталмыш стационарда ем қабылдап, кеше үйіне шығарылған зейнеткер Бибіжан Қаппарова, көптеген адам сияқты, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда өз бетінше емделген. Бірақ көп ұзамай сырқатты медициналық көмексіз жеңе алмайтынын түсінген.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда өкпесі жүз пайыз зақымданған науқас жазылып шықты

"Мен сегіз күн бойы үйде емделдім. Содан кейін ғана жедел жәрдем шақыруға шешім қабылдадым. Мені осы ауруханаға алып келіп, 10 күн емдеді. Дәрігерлеріме, барлық медицина қызметкерлеріне алғысым шаксіз. Өздеріне төнген қатерге қарамастан басқалардың өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін рахмет. Бізде осындай жауапкершілікті, адам жанына араша болар жас мамандардың барына қуаныштымын", – дейді Бибіжан апа.

Жалпы, елордада COVID-19-ға қарсы күреске 16 стационар жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейін елімізде бірнеше облысы мен қаласында коронавируспен ауырғандарға арналған стационарлар жабылып жатқанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Соңғы 20 науқас үйлеріне қайтты: Елордада тағы бір стационар жабылды