Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да улы өрмекшілер қаптап кетті (видео)

Опубликовано:

Шығыстағы кейбір саяжайларда улы өрмекшілер пайда болды. Әсіресе қалаға жақын Ұлан ауданында көбейіп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Фото: Хабар24
Фото: Хабар24: Depositphotos

Тұрғындардың айтуынша, сары түсті жәндіктер тек еліміздің оңтүстігінде болады.

Ал биологтар өрмекшінің бұл түрінің шығыста пайда болуына биылғы ыстық, жауынсыз күн райы әсер етуі мүмкін екенін алға тартты.

Мамандар сары өрмекші өте сезімтал болғанымен адамға зияны жоқтығын айтады. Дегенмен шақса, бірден өлтіріп жібермегенімен уы денеге жайылып, қауіп төндіреді.

Сондықтан мамандар табиғат аясына шыққанда немесе саяжайда жұмыс істегенде жабық киім және қонышы ұзын етік киюге кеңес береді. 

"Адам өміріне бүйі мен қарақұрт өте қауіпті саналады. Қалған жәндіктер де қауіпті болғанмен шаққан жеріне сілекейі арқылы уын қалдырады. Сол арқылы қоректенеді деуге болады", - дейді биолог Константин Прокопов.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында жекеменшік үйге ұрлыққа түскен азамат өзін-өзі полицияға ұстап бергенін хабарлаған едік.

54 жастағы күдіктінің айтуынша, ағымдағы жылдың 19 шілде күні түнде ол мас күйінде жеке үйге кіріп, үй иелерінің жоқ екенін алдын ала біле тұра, азық-түлік өнімдерін ұрлаған.

Заңсыз алған заттарын полиэтилен пакетіне жинаған ол қылмыс орнында ұйықтап қалған. Ал таңертең ұрланған заттармен көшеге шыққанда полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867657-sko-da-uly-rmeksiler-kaptap-ketti-video/

pixel