Елімізде бес жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат етілді
Опубликовано:
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой маска тағу бұйырығына өзгерістер енгізді. Өзгерістер балаларға, қоғамдық тамақтану орындарына келушілерге және далада спорт шұғылданатын жандарға қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алексей Цой "Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 5 шілдедегі бұйрыққа өзгерістер енгізді.
Оған сәйкес:
- Қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда қоғамдық тамақтану орындарында тамақтанатын жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылады;
- қоғамдық орындарда ашық ауада медициналық немесе мата маскаларды кию, бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда 5 адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдарды қоспағанда, міндетті болып табылады.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде көшеде міндетті түрде маска тағып жүру талабы бекітілген болатын.
Жаңа ереже бойынша тұрғындар: жабық нысандарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйымдар мен басқа жерлерде), көлікте және көшеде жүргенде, COVID-19 ауруы бойынша күдікті адамға көмектескенде, коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе түшкіру) маска тағып жүруге міндетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867673-kazakstanda-bes-zaska-dejingi-balalarga-maska-takpauga-rksat-berildi/