Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда 3 тамыздан бастап қоғамдық көліктердің жұмысы қайта жанданбақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада 3 тамыздан бастап қоғамдық көліктердің қызметі қайта жанданбақ. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Көлгіновтің сөзінше, автобустардың қызметіне рұқсат беру жұмыс берушілер мен қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес қабылданған. Елорда әкімі қоғамдық көліктердің дайындығын да тексеріп шыққанын атап өтті.

"Жолға тек қаланың ішінде жүретін бағыттар шығады. Ал қаланың шеткері аймақтарына қатынайтын маршруттар әзірге шықпайды. Автобустар сағат 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді.

Маскасыз қоғамдық көлікке кіруге тыйым салынады. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күнделікті рейдтер өткізіп, жүргізушілердің де, жолаушылардың да маска режимін сақтауын тексереді. Жүргізушілерге жолаушыларды салонға маскасыз жіберуге қатаң тыйым салынады.

Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі", - дейді Нұр-Сұлтан әкімі.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда үш күн бойы қоғамдық көліктер жүрмейді

Сонымен қатар Алтай Көлгінов пандемия кезінде көлік жүргізушілері медицина қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа тасымалдағанын, коронавируспен күресуге айтарлықтай үлес қосып жатқанын баса айтты.

"Бүгін оларды келе жатқан көлік қызметкерлері күнімен құттықтадым. Олардың еңбегінің арқасында қала тұрғындарының жүріп-тұруы үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр. Автопаркті жақсартуға ерекше назар аударамыз: 100 электроавтобус сатып алынды, қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, жаңа бағыттар ашылды", - дейді елорда басшысы.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда 3 тамыздан бастап қоғамдық көліктердің жұмысы қайта жанданбақ