Выйти
RU

Перу билігі төтенше жағдай мерзімін тағы бір айға ұзартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Перу үкіметі төтенше жағдай мерзімін тағы бір айға ұзартты. Бұған елде коронавирус індетінің дендеп кетуі себеп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Перу коронавирусты жұқтыру саны бойынша Оңтүстік Америкада Бразилиядан кейін екінші орында тұр. 33 миллион халқы бар бұл елде 400 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталған.

Хабар24-тің мәліметінше, 30 шілде күні ел аумағында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 7 мыңдай адам белгілі болған.

Ал індеттен қайтыс болғандардың саны 19 мыңнан асқан.

Мамандардың айтуынша, құрбандар саны көп болуы мүмкін. Өйткені көптеген жағдайда өлім себебі ретінде коронавирус салдарынан асқынған өзге аурулар жазылған. Мұны билік өкілдері де мойындайды. 

"Ұлттық жүйемізде тіркелген мәліметке қарасақ, түрлі себептерден қайтыс болған 46 мың адамда коронавирус анықталған. Қазір бұл деректер бойынша талдау жұмысы өтіп жатыр", - дейді Перу денсаулық сақтау министрі Пилар Маццетти.

Тағы да оқыңыздар

Қытайда коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

Қазір елдегі ауруханалар науқастарға толы, ауырған адамдарға көмек беретін дәрігерлер де жетіспеуде.

Оңтүстік Америкадағы тағы бір ел – Боливияда карантин тәртібі бір айға ұзартылды. Құрлықтағы ең кедей мемлекеттердің бірі саналатын Боливияда денсаулық сақтау жүйесі нашар дамыған.

Ауырғандардың көбі өз үйлерінде емделуге мәжбүр. Соңғы мәліметтер бойынша 11 миллион халқы бар мемлекетте 76 789 адамда COVID-19 анықталып, 2 977 адам көз жұмған. 23 582 науқас жазылған.

Еске сала кетейік, елімізде де қатаң карантин режимі тағы екі аптаға ұзартылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Перу билігі төтенше жағдай мерзімін тағы бір айға ұзартты