Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ердоғанды Құрбан айтпен құттықтап, Қазақстанға шақырды

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары бірін-бірі күллі мұсылманның мерекесі Құрбан айтпен құттықтап, Қазақстан мен Түркияның бауырлас халықтарына бақ-береке тілеген.

Сонымен қатар екі елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалды талқылаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараның COVID-19 пандемиясына қарсы тиімді іс-қимылдарын жоғары бағалап, Режеп Тайип Ердоғанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар коронавирустың салдарын жою және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында күш-жігерлерін одан әрі жұмылдыра беруге уағдаласты.

Сондай-ақ, екі елдің президенттері Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырды. 

Екіжақты сауда-саттықтың оң қарқынын сақтаудың және бірлескен инвестициялық жобаларды, әсіресе, денсаулық сақтау, "жаңа экономика" және ауыл шаруашылығы салалары бойынша бастамаларды жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттің президенттері мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1867693-tokaev-erdogandy-krban-ajtpen-kttyktap-kazakstanga-sakyrdy/

pixel