Выйти
RU

Алакөлде жар құлап, 17 жастағы қызды басып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көктұма ауылында жар құлап, 17 жастағы қызды топырақ басып қалды. Курортты өңірге бірнеше күн бұрын келген демалушы алған ауыр жарақатының салдарынан көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Фото: Хабар24

Фото: Хабар24: Depositphotos

Жасөспірімнің денесін топырақ астынан қазып алу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен Алакөл жағалауындағы құтқарушылар отряды жұмылдырылған.

Қазір осы оқиғаға байланысты арнайы жұмысшы тобы құрылып, қайғылы оқиға болған жер тексеріліп жатыр.

Биыл 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, Алакөлдің Ақши мен Көктұма ауылының тұсындағы жағалауды нығайту жұмыстары басталды дейді Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қанағатов.

Еске сала кетейік, 23 шілдеден бастап Үржар ауданы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалушыларды демалыс және тұру орындарында қабылдау тоқтатылғанын хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыздар

Ақтауда Құрбан айттың алғашқы күні иесінен қашқан бұқа видеоға түсіп қалды

Ал 23 шілдеге дейін келген демалушыларға жолдама мерзімі аяқталғанға дейін демалыс базаларында қалуға рұқсат етілген болатын.

Сонымен қатар, Үржар ауданы әкіміне және аудандық полиция бөліміне Алакөл көліне апаратын автожолдардағы мобильді бекеттердің жұмысын қамтамасыз ету және қоғамдық құқықтық тәптіптің сақталуын қадағалау жөнінде тапсырма берілген етін.

Алайда 24 шілдеде Алакөл туристік аймағы карантинге жабылмайтыны белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алакөлде жар құлап, 17 жастағы қызды басып қалды